Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

«Білімді ұрпақ тәрбиелеу -басты міндет»

 

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 14.01.2022 жылғы № 04\115 шығыс хатына сәйкес ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы тапсырмалары бойынша құрылған Медиа жоспарға сәйкес, Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» өкілдерімен «Білімді ұрпақ тәрбиелеу -басты міндет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде жұмыспен қамту орталығының өкілдері түлектерді жұмыспен қамту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тоқталды. Іс-шараны өткізудегі бірден бір мақсаты, жас мамандарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары туралы колледж түлектері мен студенттеріне қолдау білдіру болып табылады. Жұмыспен қамту орталығының «Жастар практикасына» жауапты маманы Мұхамет Абілқасымұлы студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында колледжіміздің психологы Кулахметова Назакат Ахматбековна «Менің досым» атты тренингпен қорытындылады.