Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

«Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу, атаулы күндерді атап өтуге байланысты іс-шара» өткізілді.

 

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 14.01.2022-ғы №04/115 шығыс хатына сәйкес ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмалары бойынша атқарылатын Медиа-жоспарға сәйкес,Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу, атаулы күндерді атап өтуге байланысты іс-шара» өткізілді. Іс шараға жауапты оқытушылар Нурметова Дилбар Авазхановна және Султанова Дляфруз Сайдахматовна 1 курс БСО/ШТ-211 оқу тобы студенттерімен ашық тәрбие сағат өткізді.Ашық тәрбие сағатқа колледжіміздің тәрбие істері жөніндегі орынбасары Абзелова Ұлпан Оралбекқызы студенттерге өз пікірін білдірді

Тәрбие сағатының мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Халқым болса мен бармын әрқашанда

Сол халқыма артамын мәңгі сенім-дей отырып біз халқымыздың болашағынан зор үміт күтеміз! Халқымыздың тілеуімен келген тәуелсіздігіміз баянды болсын. Әнұранымыз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып,Туымыз көкке шарықтай берсін.

Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақ еліне тәуелсіздікке жету өте қиынға соқты. Біздің көптеген ата – бабаларымыз бостандық жолында құрбан болды. Оған желтоқсан оқиғасы куә. Тарих қойнауына көз жіберіп отырсақ, біздің қазақ халқының басынан қаншама қиыншылықтар, қаншама қайғы қасіреттер өтті. Халқымыз сол қиыншылықтарды жеңе отырып, 1991 жылы 16 желтоқсан күні қазақ халқы өз алдына егеменді ел болды. Енді біз сол тәуелсіздігімізді сақтай отырып мемлекетімізді, дінімізді, тілімізді сақтаймыз. Салт дәстүрімізді қастерлейміз. Ол бүгінгі жас ұрпақ біздің еншімізде. Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ дейтін болсақ, солардың бірі жастар.