Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

«Қамқорлық»

 

Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі демекші Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Қамқорлық» еріктілер клубының жетекшісі Алиева Макбал Бекбосынқызының бастауымен колледж еріктілері сенбілік ұйымдастырды. Колледж ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік - бұл әдемі және таза әлемде өмір сүруге деген ықыласымызды көрсетудің тамаша тәсілі, өйткені тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек, сондықтан сенбіліктер ұйымдастыру өте қажет.

Ерікті жастар үлкен рухани өрлеумен жұмыс істеді, ауланы сыпырды, ағаштардың түптерін әктеді, аулаға су шашып, қоқыстарды арнайы қапшықтарға салып шығарды.Осылайша ерікті жастар бірліктің арқасында көптеген жұмыстарды орындап тастады.

Біз жастарға сенеміз!

Күшіміз бірлікте!