Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

Добавьте информацию об основных преимуществах своего бизнеса, которые делают его уникальным и лучшим. Поделитьс, почему клиенты должны выбирать ваши продукты или услуги и какие выгоды они получат после покупки продукта. Напишите свой собственный текст, отредактируйте его и нажмите Готово.

Әдістемелік кабинет

Әдістемелік кабинеттің құрылымы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің әдістемелік кабинеті үйрету, оқытушылардың ақпараттық кеңісітігін кеңейту, колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибесін қорытындылау, жүйелеу, оқытудың озат технологияларын енгізу орталығы болып табылады. Кабинеттің ақпараттық базасына кіретін бөлімдер: «Педагогикалық әрекеттің теориясы мен практикасы», «Оқытушыға көмек», «ПБ меңгерушісіне көмек», «Заманауи педагогикалық технологиялар», «Оқыту-тәрбиелеу үрдісінің диагностикасы», «Педагогикалық менеджмент», «Жұмыс тәжірибесін қорытындылау және тарату», «Жас оқытушының кәсіби шыңдалуы». Сонымен қатар кабинетте заманауи білім беру үрдісінің көкейтесті сұрақтарына арналған әдістемелік нұсқаулықтар, ережелер, естеліктер бар. Әдістемелік жұмыста басты назар колледж оқытушыларының мониторингіне аударылады. Білім берудің белсенді әдістерін пайдалану, сабақтар мен сабақтан тыс шаралардың стандарттан тыс формаларын өткізу біздің оқытушылардың мамандықтар бойынша кәсіби әрекетке қызығушылықтарын артады, білім беру үрдісіне ынта мен қызығушылықты қалыптастырады. Колледжде дәстүрлі түрде сайыс сабақтары, жарыстар, қоғамдық тексерістер, оқу пәндерінің бірігуі негізіндегі кешенді сабақтар, тренинг сабақтары, иновациялық сабақтары, оқу вернисаждары өткізіліп тұрады.

Соңғы жылдары оқытушылар ҚР Білім және ғылым Министрлігіне қарасты өтетін оқулықтар мен оқу құралдарының конкурстарына белсене қатысуда.

Үлкен кәсіптік, әрі педагогикалық тәжірибесі бар оқытушылар өздерінің басылымдарын республикалық және облыстық газеттерге шығарады, республика, облыс және аймақ көлемінде педагогикалық әрекеттің түрлі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорытындылайды. Көптеген жылдар бойы педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру шараларын өткізу дәстүрге енді. Мысалы: «Озат тәжірибе мектебі», «Жас оқытушылар мектебі», педагогикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер, «Өрлеу» курстары, басқа да колледждермен бірлескен іс-шаралар.

Ғаламтор сайтына шығу, электрондық пошта арқылы жұмыс жасау, оқытушыларға өз білімдерін кеңейтуді тек кәсіби әрекетте ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шеберліктерін кеңінен шыңдауға көмектеседі.


Колледж оқытушылары  Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен  бірлескен қызмет жасайды. Көптеген оқытушылар қатары халықаралық ақпараттық орталық семинарларына қатысып,  үйренуде.  Колледждің  әдістемелік қызметі 25 жабдықталған оқу аудиториялары, бөлмелері мен кабинеттері бар,   колледждің  материалдық-техникалық базасын  үнемі нығайтып отыру жұмыстарына қатысады және пәндік,  оқу-зерттеушілік, шығармашылық үйірмелердің жұмысын қолдайды.