Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

Добавьте информацию об основных преимуществах своего бизнеса, которые делают его уникальным и лучшим. Поделитьс, почему клиенты должны выбирать ваши продукты или услуги и какие выгоды они получат после покупки продукта. Напишите свой собственный текст, отредактируйте его и нажмите Готово.

«Футбол» лигасы

Салауатты өмір салты ең әуелі денсаулық сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді әрекет. Үлкен кісілер «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы болып табылады.

 

Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауымызды қалыптастыруымыз керек.

 

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салауатты өмір салтын насихаттау барысында Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «дене тәрбиесі және спорт» пән бірлестігінің оқытушылары Сайтмуратов Д., Расилев Е., Хадиметов Ш., Усманов Б., Айдаралыұлы Е., Айтбай Қ. ұйымдастыруымен кіші «Футбол» лигасы құрылды.

 

«Футбол» лигасы 9 (тоғыз) командадан құрылды, лиганы ұйымдастырушысы Хадиметов Шахрух.

 

Футбол лигасының мақсаты:

• Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануды насихаттау;

• Футбол ойыны арқылы студенттердің икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектесу;

• Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағыт беру;

• Студенттерді ұжымдық бірлікке, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйрету;

• Студенттердің спорттық лигаларға қатысып, футбол ойынын дамытуға, нығайтуға үлестерін қосуын дамыту;

• Студенттердің бойында ептілік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру;

• Басқа колледж студенттерімен байланыс орнату, оны дамыту және нығайту.