Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі


2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды

Тілді таңдау

Добавьте информацию об основных преимуществах своего бизнеса, которые делают его уникальным и лучшим. Поделитьс, почему клиенты должны выбирать ваши продукты или услуги и какие выгоды они получат после покупки продукта. Напишите свой собственный текст, отредактируйте его и нажмите Готово.

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты ашық тәрбие сағаты

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұғырлы 30 жылдығына арналған 30 игі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 19.10.2021 жылы «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты ашық тәрбие сағатын 0104000 - Кәсіптік білім беру мамандығының (салалары бойынша) ТП-201/Б оқу тобы және топ тәлімгері Пернебаева Ж.Ж. бірге атап өтті.

 

Тәрбие сағатының мақсаты: еліміздің тарихы сырға толы, әрі ғажап ел екендігін, қазіргі бейбіт мемлекетте тұрып жатқан ұрпақтың, «Тарихтағы ең бақытты ұрпақ» екендігін бойларына сіңдіру.

 

Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Біздің еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбынды! Ашық тәрбие сағатын әнұранмен бастады

 

«Тарих деген түп қазығым тамырымыз

Тамырымды білу біздің парызымыз

Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен

Ұлпан апай көп қой сізге қарызымыз!» – деп, ашық тәрбие сағатымызды колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлпан Оралбековнаға сөз берумен бастады. Әрі қарай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап, топ студенттері өлеңдерін паш етті.

 

Білім алушыларды белсене қатыстыру үшін, тәрбие сағатымызды екі кезеңге бөліп, сайыс ретінде өткізді.

І кезең - «Жылдар сыр шертеді». Сайыстың шарты, «Алтын адам» бейнесі белгіленген таяқшаларға жылдар жазылды. Әр білім алушы сол жылдардың сырын шертеді.

 

ІІ кезең – «Сырлы Қазақстанға саяхат». Қазақстанның он қаласы бейнесі салынған, суреттер берілді. Сайыстың шарты, әр қатысушы қалалардың атын атап, Қазақстан картасынан орналасқан жерін табады.

 

Тәрбие сағатымызды тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясаткердің ерен еңбегінің арқасында егеменді ел болып, дүние жүзіне танылғандығымызды атап айтып, «Көк тудың желбірегені» атты әнімен аяқтады.